Боголюбово ауылындағы зейнеткерлердің ит-мысықтары тегін таңбаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданына қарасты Боголюбово ауылында әлеуметтік аз қамтылған топқа жатқызылған тұрғындардың ит-мысықтарына чиптер тегін қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, сәуір айынан бері өңірде үй жануарларына чип қою жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгіндері аймақтағы 5455 ит-мысық идентификациялық таңбалаудан өтті. Оның – 103-і Қызылжар ауданына тиесілі.

– Чип қойылған жануарлардың барлығы «Tanba» арнайы ақпараттық жүйесінде тіркелді. Онда иелерінің ЖСН-ы мен ит-мысықтардың денсаулық паспорты көрсетілген. Ветеринария басқармасымен әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын азаматтардың хайуанаттарына 12759 чип сатып алынды. Бүгінгі таңда 597 жануар таңбаланды, — дейді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз қызметінің мамандары.

Облыс тұрғындары ит-мысықтарға чиптерді жеке ветеринарлық клиникаларда және 14 ветеринарлық станцияда қойдырта алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz