Солтүстікқазақстандық жауынгердің сүйектері табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ресей мен Латвия елдерінің аумағынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектері табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дмитрий Иванович Морев – 1922 жылы СҚО Красный яр ауылында дүниеге келген. Ол әскер қатарына аудандық әскери комиссариаттан шақыртылыпты. Әскери шені – кіші сержант. 1943 жылы майдан даласында даласында жоғалып кеткен. Анасының есімі – Клавдия, әкесі – Иван Павлович Морев.

«Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, Дмитрий Моревтің сүйектерін жерлеу үшін оның туыстары іздестіріліп жатыр. Әзірге сарбаздың жақындарынан ешбір хабар жоқ.

whatsapp image 2023 11 09 at 10.34.29

Ресей мен Латвия елдерінің аумағында өткен ұрыс далаларынан Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында туған сарбаздардың сүйектері мен жеке заттары табылды. Қазіргі уақытта жауынгерлер мүрделерінің қалдықтарын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz