Уәлиханов ауданының Мортық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жаңа ашылған бекет – төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, өрттерді сөндіру, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін аса қажет. Енді өртсөндірушілер оқыс оқиға орнына жылдам жетіп, көмек көрсете алады.
Өрт сөндіру бекетінде 2 қызметкер жұмыс істейтін болды. Бүгіндері жергілікті атқарушы билік органдарымен қажетті техникалық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жаңа құтқару қызметінің орталығы мен Кішкенекөл ауылының аралығындағы қашықтық 50 шақырымды құрап отыр.
Өртсөндірушілер Мортық, Көктерек, Қарамырза ауылдарындағы өрт қауіпсіздігін сақтап, төтенше жағдай бола қойған жағдайда жедел әрекет ете алады. Бүгінде үш елдімекенде 610 азамат тұрады.