Петропавлға Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі мен қызметінен сыр-шертер 100-ден астам құнды жәдігер жеткізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы қарсаңында көшпелі көрме ашылмақшы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көрме қарашаның 15-нен өз жұмысын бастайды. Қала тұрғындары мен қонақтары Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың өмірі мен әскери қызметімен етене танысуға мүмкіндік алмақ.

«Халық жүрегіндегі батыр» атты мәдени-танымдық шара ҚР Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен алғаш рет Петропавлда өтеді. Көрермен назарына 100-ден астам құнды жәдігер ұсынылады. Өңір тұрғындары Сағадат Нұрмағамбетовтың әскери киімдерін, «Халық қаһарманы» медалін көріп, тұңғыш Қорғаныс министрінің жеке құжаттарымен таныса алады.

mu2 1

ҚР Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы қызметкері Дәулет Қадыровтың айтуынша, Петропавлдан бастау алған көшпелі көрме еліміздің 10 қаласында өтеді.

– Елімізде армия генералы шенін алған екі-ақ азамат бар. Олардың бірі – Сағадат Нұрмағамбетов. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі болып қызмет еткен тұлғаның пайдаланған заттары мұражайымыздың архивінде сақталған. Оның жеке өмірбаяны жазылған құжаттарды да алып келдік. Сондай-ақ әскери және мемлекеттік нагрдалар да көрермен назарына ұсынылады. Аса бағалысы – оның киген әскери киімі. Естеріңізге салсақ, келер жылы біз Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай көрмені ұйымдастыруды жөн көрдік, — дейді Дәулет Қадыров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz