Табиғи құбылыс емес, жарық шамдары екен

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы күндері Петропавл аспаны жарқырап, сары түске боялған. Мұны қала тұрғындарының көбі табиғи құбылысқа балады. Ал шын мәнінде өнеркәсіп аймағында жақында іске қосылған жылыжайлардан жарық тараған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аспанның сары түскен боялу себебін «Радуга» ЖШС бас директоры Дмитрий Шарапаев түсіндірді.

– Жаңа жылыжайға қиярдың алғашқы партиясын отырғыздық. Әрине көкөністерді қажетті жарықпен қамтамасыз ету үшін түнгі уақытта күн сәулесін алмастыратын шамдарды қосамыз. Осыдан болар, аспан сары түске боялды, — дейді Дмитрий Шарапаев.

Оның сөзінше, әзірге жылыжайда қосуға жоспарланған 11 мың шамның 5 мыңы ғана жанды. Өзге көкөністер отырғызылғаннан кейін қалған шамдар қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz