Облыс полицейлері ресейлік әріптестері іздестіріп жатқан екі қылмыскерді анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс полицейлері ресейлік әріптестерінің ақпараты бойынша Түмен облысының аумағында қылмыс жасаған екі қылмыскерді құрықтады. Олардың бірі ұрлық жасағандығы үшін күдікті болса, екіншісіне қатысты кісі өлтіремін деп қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, солтүстікқазақстандық және түмендік полицейлердің өзара іс-қимылы іздеудегі қылмыскерлерді, ұрланған көліктерді, хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмысты, сондай-ақ басқа да бірқатар принципті жұмыс желілерін қамтиды.