Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы Ресей Федерациясының шекаралас облыстарындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері туралы хабарлады, деп жазады Qyzyljarnews.kz.
Біздің өңірден Қорған облысының іздеуде жүрген үш қылмыскері анықталды. Олардың бірі өз елінде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. 47 жастағы Ресей азаматы еліне экстрадицияланды.
2023 жылдың наурыз айында «Іздестіру» мемлекетаралық іс-шарасы аясында криминалдық полиция қызметкерлері Қызылжар ауданындағы ауылдың бірінде тұратын Қазақстан Республикасы азаматын ұстады. Ол 2019 жылдың қараша айында 2013 жылы туған ұлына ауыр дене жарақатын салған. Қылмыс жасалғаннан кейін ол Қазақстанға кетіп, ресейлік полициядан жасырынған. Қашып жүрген тұлғаның орналасқан жері анықталғаннан кейін қажетті материалдар жиналып, іздеу жариялаған органға жіберілді.