Айыппұлы 1 млн. теңгеден асқан жүргізуші ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда 1 млн. теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда интеллектуалды бейнетіркеу жүйесі тағы бір жылдам жүруге құмар жүргізушіні анықтады. 24 мамыр мен 8 маусым аралығында шетелдік есепте тұрған «ВАЗ-21101» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты 56 рет асырған. Бұл көліктің сақтандыру полисі тіркелмеген. Тәртіп сақшылары оған қатысты анықталмаған жүргізуші санаты бойынша мәліметтер базасына бағдар енгізді. Осы сәттен бастап камералар оны автоматты түрде іздеуді бастады. «Мегакам.Қорғау» қосымшасының көмегімен СҚО ПД ЖПҚ басқармасының іздестіру тобының қызметкерлері қысқа мерзімде автокөлікті анықтады.

– Көлікті 29 жастағы петропавлдық тізгіндеген. Жылдамдық режімін бірнеше мәрте бұзғаны үшін ол 1,3 млн. теңгеден астам айыппұл төлейді. Сондай-ақ, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл көлікті сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін салынады. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Бұл ретте, 8 маусымнан бастап облыста «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 6 күн ішінде әкімшілік айыппұл төлемеген 4745 адам анықталды, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жыл басынан бері облыста автоматты тіркеудің бейнежүйелері арқылы барлығы 15525 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Заманауи технологиялар – жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған полицейлердің сенімді құралы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz