Үстемеақыны заңсыз алған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында белгілі болғандай, мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық  департаменті  жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыйақы алу кезіндегі құқықтарын сақтауына  талдау жүргізді.   Талдаудың нәтижесінде екі заң бұзушылық анықталған. Соның бірі Мамлют ауданында тіркелген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

– Мамлют ауданы әкімі аппаратының басшысы шектен тыс үстемеақы алғаны белгілі болды. Сома оның еңбекақысының 30 пайызына сәйкес келмейтіні анықталды. Профилактикалық бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша артық ақша жергілікті бюджетке қайтарылды, – деді   мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық  департаментінің  бас маманы Дархан Ермеков.

Сондай-ақ кеңесте әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мәселесі де талқыланды. Өңірде кейбір мемлекеттік органдар еңбек демалысына шыққан қызметкерлеріне тиісті қаржыны аудармаған және іссапар шығындарын дұрыс төлемеген. Яғни 7 миллион теңгеден аса қаржы тиісті мақсатта жұмсалмаған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Әсемгүл Бегалинаның айтуынша,  362 жергілікті атқарушы орган  мен орталық мемлекеттік органдардың 112 бөлімшесінде талдау жүргізілген. Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзудың 436 фактісі анықталды. Сондай-ақ  іссапар шығындарын төлеуге қатысты 163 заң бұзушылық тіркелді. Бүгінгі күні заңсыз істердің салдары  жойылып,  мемлекеттік органдар тиісті соманы толық көлемде өтеген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz