Пропан шығаратын зауыт тұрғызу жоспарда бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы «Горгаз-сервис» серіктестігінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы «Горгаз-сервис» ЖШС 56 мың абонентті қамтитын 758 көпқабатты үйді газбен қамтамасыз етіп отыр. Жақында бірнеше баспананың тұрғыны көгілдір отынсыз қалды. Бүгіндері бұл мәселе шешілді.

– Жауапты мемлекеттік органдарға бұл мәселені бақылауда ұстап, жағдайдың қайталануына жол бермеуді тапсырдым», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Газбен жабдықтаушы компанияда пропан шығаратын шағын зауыт салу жобасы да бар. Бұл облысты өзімізде өндірілген пропанмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыс әкімі өңір үшін маңызды жобаны жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz