Қардың арты жаңбырға ұласады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
19-21 желтоқсанда қыстың қақаған аязының беті қайтады. Қазақстанға солтүстік атлантикалық жылы ауа массасы жылжып келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz «Қазгиромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 — Қыстың нағыз қақаған аязды кезеңі аяқталады. Қазақстан аумағына Атлантикалық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ауа массасы жылжып келеді. Нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі. Кезекті солтүстік атлантикалық циклонның салдарынан метеожағдайлар нашарлап, боран соғып, қар жауады, ал қардың арты жаңбырға ұласады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 21 желтоқсанда кешке, сондай-ақ еліміздің солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады деп болжанады, дейді «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ синоптиктер сынап бағаны күндіз -3°C…-8°C аяздан, біртіндеп -2°C, одан кейін +3°C дейін көтерілетінін болжайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz