Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші турында «Қуаныш» клубы қарағандылық ұжыммен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Екінші турдың екінші ойынында»Қуаныш» клубына «Қарағанды» командасы қарсылас атанды. Жерлестеріміз биыл біріншілікте алтыннан дәмелі екендіктерін дәлелдеуге тырысып, 3 кезеңнің қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Кездесудің бірінші бөлімі 25:13 есебімен аяқталса, екінші және үшінші кезеңдерде 25:17 деген нәтиже тіркелді.
«Қуаныш» клубының қыздары келесі ойынды желтоқсанның 23-і сенбі күні сағат 15:00-де «Алматы» командасына қарсы өткізеді.