Бораннан салдарынан электр қуатынан ажыратылған 180 ауылдың 88-не жарық берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Естеріңізге салсақ, боранның салдарынан 13 ауданның елде мекендерінде электр қуатының жеткіліксіздігі мәселесі туындады. Олқылықтарды жоюға «Севказэнерго» АҚ мен «Көкшетау – Энерго» ЖШС-ның жұмыс бригадалары тартылды. Әзірге 92 ауылдың тұрғындары жарықсыз отыр.
– 92 ауылда 5079 абонент тұрады. Олардың жарықпен қамту мәселесі назарда. Алдағы уақытта электр қуаты берілетін болады, – дейді СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашлығы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин.