Облыстық балалар ауруханасының қызметі тексерілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО тексеру комиссиясы облыстық балалар ауруханасы қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жалпы сомасы 267 млн. теңгеден асатын ҚР заңнамасын бұзудың фактілері анықталды. Оның ішінде бюджетке өтелуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар – 869,4 мың теңге, тиімсіз жоспарлау – 266,8 млн теңге, 16 процедуралық бұзушылық және аурухана қызметіндегі үш кемшілік тіркелді.

– Жүргізілген мемлекеттік аудитте балалар ауруханасының тиімсіз қызметі, даму жоспарының көрсеткіштері бойынша нәтижелерге қол жеткізбегенін, аурухана қызметінде ашықтықтың болмауын, жекелеген жағдайларда дәрігерлік персоналдың сапасыз жұмысын куәландыратын бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша бюджетке 869,4 мың теңге сомасында қаражат қайтарылды, – деп хабарлайды тексеру комиссиясы.

Аурухананың екі лауазымды тұлғасына жалпы сомасы 258,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz