Өткен жылы иісшіл иттер 144 рет қолданылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да бір жылдың ішінде иісшіл иттердің көмегімен 346 қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының полициясы департаментінде 50 ит қызмет атқарып келеді. Оларды із кесуге және айдауылдау жүргізуге, есірткі және жарылғыш заттарын іздеуге үйретеді. Инспектор-кинологтар төртаяқты көмекшілерімен бірге жедел-тергеу топтарының құрамында қылмыс орындарына барып, тергеу әрекеттеріне қатысады.

Лабрадор ретривер тұқымды Виола – солтүстікқазақстандық полициядағы жұмысында жақсы нәтижелерімен ерекшеленіп жүрген қызметтік-іздестіру иттерінің бірі. Ол есірткі заттарын іздеуге машықтанған. СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері Виоланы 2022 жылдың қыркүйегінен бастап дайындай бастады. Орталық қызметкері полицей-кинолог Бахтияр Мизамбаевпен бірге ҚР ІІМ-нің кинологиялық қызмет орталығында дайындықтан өтті. Жарты жыл бұрын тәртіп сақшылары оны жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерінде қолдана бастады.

Желтоқсан айында Виола Петропавл қаласындағы көппәтерлі үйлердің бірінің жертөлесін тексеру кезінде 2,5 келіден астам марихуана мен 50 грамнан астам гашишті тауып алуға көмектесті.

– 2023 жылы қызметтік иттер қылмыс жасалған орындарда 373 рет қолданылды. Қызметтік иттердің көмегімен 346 қылмыс ашылды. Оның ішінде ұрлық – 153, денсаулыққа ауырлығы түрлі дәрежедегі зақым келтіру – 21, тонау – 4, көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу – 2, адам өлтірудің 2 фактісі және басқа да қылмыстар бар, – дейді СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев.

Самат Төлебаевтың айтуынша, қызметтік иттерді есірткімен байланысты қылмыстарды тергеуге қолдану да артқан. 2022 жылы 54 рет, ал өткен жылы 144 рет қолданылған. Иттердің көмегімен 24 есірткі қылмысы ашылды, заңсыз айналымнан 121 келіден астам марихуана, 57 грамнан астам гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz