Волейболдан ерлер командалары арасындағы ұлттық лига ойындары жалғасуда. Кеше Орал қаласында өтіп жатқан ел біріншілігінің 3-ші туры аясында жерлестеріміз «Есіл-СҚ» клубы «Жайықпен» ойнап, есе жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Есіл-СҚ» және «Жайық» командалары арасындағы ойын 5 кезеңге созылып, жерлестеріміз алаң иелері оралдық ұжымға жеңілді. Бірінші бөлімде солтүстікқазақстандық 25:23 есебімен жеңіске жетсе, екінші партияда 30:32 нәтижесі тіркелді. Кейін есілдіктер 25:18 есебімен алға шыққанымен, келесі бөлімдерде «Жайық» ойыншылары басым түсті. Қорытынды есеп 3:2, жеңіс Орал қаласының клубының еншісінде.