Қаңтар 23-не қараған түні Қазақстан Конституциясы көшесіндегі үйлердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалған ақпарат берген ер адам «102» нөміріне хабарласып, қаладағы пәтерлердің бірінде жарылғыш зат туралы айтқан. Дабыл сигналы бойынша оқиға орнына кезекші жедел-тергеу тобы, жарғыш техниктер, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың, патрульдік полиция батальонының және басқа да мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері жетті. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылмады.
Жалған хабарлама жасады деген күдікпен 35 жастағы Петропавл тұрғыны анықталып, ұсталды. Мас ер адам үйдің кіреберісінде ұсталды.
Ол осыған дейін де қоғамдық жерде мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жазаға бір өте қоймаған. Құқық бұзушылықты қайталағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды.
— Әкімшілік жазасын өтеп шыққан соң ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Баптың санкциясына сәйкес, 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ірі көлемдегі айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — дейді СҚО ПД экстремизмаге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.