Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында ақын, драматург Ерік Асқаровтың 65 жылдығына арналған «Ұлт ертеңі — ұрпақ» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Сынға 7 жұп қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Айтысқа қатысқан үміткерлердің барлығы марапатсыз қалмады. Бірқатарына «Amanat» партиясының Мағжан Жұмабаев, Қызылжар аудандық филиалдарының арнайы жүлделері табысталды.
Сайыс қорытындысы бойынша, үшінші орын Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатынан келген Жанбота Көкен мен Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы Әзиз Ақжарқынға, екінші орын қызылжарлық Нұртөте Қажымұратқа, бірінші орын Нұрғиса Қайыртайға табысталды. Ал бас жүлдені Мадина Серік иеленді. Бейбарыс Аманжол, Елнұр Оңдасын, Жалғас Қаби, Анель Канашеваларға «Amanat» партиясының арнайы жүлделері берілді.