СҚО полицейлері жол ұйымдарымен бірге облыстық маңыздағы жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау сұрақтарын талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Қаңтар айында 2 жарым мың шақырымды қамтитын автомобиль жолдарына және көше-жол желісін тексеруге полицейлер 241 рейд өткізді. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсер ететін 348 кемшілік анықталып, 51 лауазымды азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Көбінесе барлық бағыттағы жолдарды жабу тәжірибесін кеңінен қолдану туралы шешім қабылданды. Боранды күні арнайы техниканы жоспарлы түрде жолдарды тазалаудың орнына оппа қарда батып қалған көліктерді шығаруға жіберуге тура келеді. Бұдан бөлек, жедел жәрдем сияқты шұғыл қызметтердің автокөліктеріне жол ашып беру үшін де қосымша резервтер қажет. Аудандық полиция бөлімдеріне жол апаттары туындауы мүмкін қауіпті учаскелерде жылдамдықты уақытша төмендету және қар тазалау жұмыстарын тұрақты бақылауға алу туралы тапсырма берілді, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.