Полицейлер М.Жұмабаев ауданының тұрғындарынан мылтық пен қолдан жасалған арбалет тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
«Браконьер» және «Қару» жедел алдын алу іс-шаралары аясында Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қарудың заңсыз айналымына байланысты 5 фактіні анықтады. Аулаларды аралау және жедел ақпаратты тексеру нәтижесінде ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 3 тегіс ұңғылы мылтық, 9 бірлік аңшылық қаруға оқ-дәрі тәркіледі. Сонымен қатар аудан орталығының 27 жастағы тұрғынында қолдан жасалған арбалет анықталды. Шебер оны қолда бар материалдардан жасаған. Үйде жасалған қару сараптамаға жіберілді. Булаево қаласының азаматы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
– Қару жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оған жауапсыз қарау фактілерін анықтау — қоғамдық қауіпсіздіктің негіздерінің бір. Аудандық бөлімнің қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, дайындау, сақтау және тасымалдау фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыру ғана оны сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады, – дейді аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Жанат Рахметов.