Жыл басынан бері өңірде 72 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 13-і түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, соңғы өрт оқиғасы Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан екіқабатты тұрғын үйде тіркелді. Құтқарушылардың алдын-ала болжамы бойынша төтенше жағдай электр сымдарының тұйықталуы себебінен орын алғаны ықтимал. Түтінге уланған 2 адам дереу ауруханаға жеткізілді.
– Тіркелетін өрт оқиғаларының 70 пайызы жеке тұрғын үй секторында орын алды. Төтенше жағдайлар қыс уақытында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан тіркелуде. Тұрғындар түтін мұржасын тазаламайды. Сондай-ақ электр қондырғыларын тексермей, ескірген сымдар тұйықталады, — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.