Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде бейнекамералардың көмегімен 173 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыздың 21-і мен 25-сі күндері аралығында «102» жедел арнасына 1605 телефон хабарламасы келіп түсті. Оның 502-сі полиция күштерінің жедел әрекет етуін талап етті.
– Түскен қоңыраулардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына қатысты. Отбасылық жанжалдардың 38 дерегі тіркелді. Сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзу жағдайлары да көбейді. Жалдамалы пәтерлерде шулы кештер ұйымдастырған 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.