Ғабит Мүсірепов атындағы аудан арқылы өтетін Шарық және Ақанбұрлық өзендерінің мұзын жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауданға жіберілген арнайы құрылған топ өкілдері су тасқынының алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті. Мамандар Раисовка ауылы маңындағы Шарық өзенінінің, Григорьеский көпірі аумағында орналасқан Ақанбұрлық өзенінің, Чистополье ауылының жанындағы өзендердің мұздарын жарды. Оның ауданы 1200 шаршы метрді құрады. Бұл мақсатқа 160 кг жарылғыш зат қолданылды.