Волейбол: «Есіл» клубы — қола жүлдегер

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Павлодарда волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХ Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Үшінші орынды сарапқа салу үшін алаңға «Есіл» (СҚО) мен «Атырау» командалары шықты. Бұған дейін атыраулықтарды 3:0 есебімен жеңген солтүстікқазақстандықтар осы жолы да мүлт кетпеді. Алексей Терениннің шәкірттері айқын басымдықпен жеңіске жетті.

— Өткен жылы бесінші орынды қанағат тұтсақ, биыл қола жүлдеге қол жеткіздік. Жалпы, маусым барысында түрлі турнирлерде үш медаль алдық. Бұл маусымның табысты өткенін білдіреді. Келесі чемпионатқа да мұқият дайындаламыз. Петропавл қаласында спорт сарайы салынып жатыр. Бәлкім, алдағы маусымда Ұлттық лиганың турын қабылдап қалармыз, — деді Алексей Теренин.

Плей-офф кезеңінде фаворит саналған Оралдың «Жайығын» жеңіп, сенсация жасаған «Атыраудың» бас бапкері Юрий Лабецкий бұл жолы жас ойыншыларға үміт артқанын айтты.

Ал ел біріншілігінде «Тараз» командасы алтын және «Павлодар» клубы күміс жүлдегер атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz