Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзені бір тәулікте 119 см-ге көтерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Ғабит Мүсірепов атындағы Тоқсан би ауылының маңынан өтетін Есіл өзенінің деңгейі соңғы 2-3 күнде 3 метрден артық көтерілген. Бұл жерде мұз көтеріліп, қозғалды.

Есіл өзені төмен қарай Шал ақын ауданының Крещенка елді мекенінің маңында бірден 30 см-ге көтерілді. Мұнда су мұз үстіне шықты.

Покровка елді мекені маңында 11 см-ге, Долматово ауылының жанында өзеннің су деңгейі 14 см-ге өзгерген.

Сергеев су қоймасында да өзгеріс бар, бір тәулікте 19 см-ге артып, күн жылынғалы су деңгейі 43 см-ге көтерілген. Қазір бөген 89 % толық.

Өңірдегі шағын өзендердің де суы көтеріліп келеді. Мәселен, Возвышенка елді мекені маңындағы Ақанбұрлық өзенінің деңгейі бір тәулікте 29 см-ге, наурыз айының соңынан бастап 2 метрге толыққан. Бірақ әзірге қауіпті деңгейге жеткен жоқ.

Бұған дейін Аққайың ауданы Северное елді мекені маңында Шағалалы өзенінің бір тәулікте 1,5 метрге көтерілгенін айтқан едік. Қауіп сейілді. Өткен тәулікте мұндағы су деңгейі 33 см-ге түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz