Бірнеше қылмыс жасаған жасөспірім бас бостандығынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бірнеше қылмыс жасаған Григорий Агаев пен оның сыбайластарына қатысты сот үкім шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы қазан айында Агаев облыстық балалар ауруханасына баса көктеп дәрігерлерге шабуыл жасаған. Күдікті медицина қызметкерін тапаншамен қорқытты. Кейін белгілі болғандай, қолындағы қару ойыншық болып шықты. Ал қарашада сотталушы сыбайлас Тұңқатаровпен Назарбаев көшесі, 211 мекенжайындағы аулада кетіп бара жатқан ер адамды соққыға жықты.

– 2023 жылы қарашаның 21-і күні Агаев Сейфуллин көшесі, 60 мекенжайы бойынша орналасқан дәретхананы сындырған. Оны көрген қала тұрғыны бұзақыға ескерту жасады. Кейін айыпталушы оған сөз айтқан кісіге дөрекілік танытып, жамбасы мен білегіне пышақ сұқты. Қарашаның 27-сі Агаев сот ғимаратынан қашпақ болған, — дейді СҚО сотының баспасөз қызметінде.

Сот отырысында қазан-қараша айларында Агаев сыбайластары Рудницкий мен Мельников үшеуі қаладағы сауда дүкендерінің тауарларын қолды еткені де белгілі болды.

Сот шешімімен бірнеше қылмыстыққа барған Григорий Агаев үш жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жасөспірімдерге арналған қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды. Сыбайластары Темірлан Тұңғатов 2, Николай Гуденков 1 жыл төрт ай және Алексей Рудницкий бір жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz