Қызылжар ауданының Бескөл ауылында эвакуациялық шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Бұл елді мекенннен су басу қаупі бар көшелерден 260 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД мәліметінше, облыс орталығына небәрі 60 шақырым жерде орналасқан Семипалатное ауылының шеткі көшелеріндегі 17 үйден адамдар эвакуацияланды.
Эвакуациялық шараларға аудандық әкімдік қызметкерлері, полиция және ТЖ қызметкерлері, әскери қызметшілер ауыл тұрғындары мен олардың малын қауіпсіз жерге орналастыруға көмектесті.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық аулаларды аралап, адамдарға хабарламалар таратты, төтенше жағдай туындаған кездегі қауіп пен іс-қимыл тәртібін түсіндірді.