СҚО-да 18 мектеп қашықтан жұмыс істеп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су тасқынына байланысты әлі де 4348 оқушы сабақтарын онлайн форматта оқып жүр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, бүгін Петропавлдағы мектептердің дені дәстүрлі оқыту форматына ауысты. Дей тұрғанмен облыс бойынша қашықтан 18 білім ордасы жұмыс істеп жатыр. Онда 4348 оқушы білім алады.

– Онлайн форматқа Қызылжар ауданының 11 мектебі көшірілді. Олардың қатарында Озерный, «Парасат» мектеп-лицейі, Бескөлдегі №2 және №3 орта мектептері, Якорь орта мектебі, Большая малышка, Соколовка, Барнев, Долматово, Белое ауылдарындағы білім ошақтары бар.

Петропавлда қашықтан оқыту форматына 7 мектеп ауыстырылған. Олар — №13, №14, №12, «Білім-инновация» облыстық дарынды балаларға мамандандырылған лицей-интернаты, Е.Серкебаев атындағы өнер колледж-мектеп-интернат кешені, Әбу-Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты мен балабақша-мектеп-интернат арнайы кешені, — дейді баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz