Ақпанның 11-і күні құтқарушылар Аққайың ауданындағы Рублевка ауылының маңында от алмай қалған «VOLVO» маркалы жүк көлігінің жүргізушісіне көмек қолын созды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жеміс-жидек тиелген ресейлік көлік Қарағандыдан Қорғанға бет алған. Сарышұнақ аяздың салдарынан дизельдік отын қатып қалыпты. Аққайың ауданының құтқарушылары лезде жанармайды жылыту шараларына кірісті. Көлігі от алған жүргізуші діттеген жеріне жол тартты.
-Көлік жүргізушісі қатты уайымға салынды. Өзі үскірік аяздан тоңып қалыпты. 112 байланыс нөміріне уақытылы шалынған қоңыраудың пайдасы тиді. Рөлдегі аазамат көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді,-дейді Аққайың аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ержан Шәріпов.