Energyprom.kz сарапшыларының мәлімдеуінше, Солтүстік Қазақстан облысында жұмыртқаның бағасы өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда төмен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аққайыңдар өлкесінде жұмыртқаның 10 данасы 300 теңге тұрады. Ағымдағы жылдың алғашқы айында-ақ облыста 55 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Республика бойынша Солтүстік Қазақстан Алматы мен Ақмола облыстарынан кейін 3-ші орында тұр.
Жалпы, қаңтар айында ел бойынша жұмыртқаның бірінші сұрыптағы орташа бағасы 385 теңгені құрады. Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Елордалықтар үшін тауық жұмыртқасының 10 данасының бағасы 473 теңгеге дейін барады.