Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың ақпан және наурыз айларында теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелердің көтерілгенін жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін көтергеннен кейін биылғы ақпан мен наурызға қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді арттырды.
Сонымен қатар, теңгедегі ұзақ мерзімді салымдарды ұстап қалу мақсатында ең жоғары мөлшерлемелер көтерілді:
— 2022 жылғы ақпан мен наурызға 12 айға арналған мерзімді депозиттерге;
— 2022 жылдың наурызына 12 айға жинақ депозиттеріне мөлшереме көлемі өсті.
Өзгерістер 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді. Кешегі күннен бастап банктер депозиттік өнімдер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға кірісті. Теңгемен депозит ашқандарға төлемақы беріледі.