Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров ауыр атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында 2-ші орын иеленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сайыс наурыздың 10-ы, яғни бүгін Шымкент қаласында өтті. Жерлесіміз штанганы жатып көтеруден Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды. Ол 73 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 145 килограмм штанганы көтерді.
Бұл жарыс жыл сайын өткізіліп тұрады. Биыл 200-ге тарта ауыр атлет сынға түсті.