«Қазгидромет» өңірлік филиалының метеорологтары сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сәуірде ауаның орташа температурасы нормадан екі градусқа жоғары, яғни 5-7 грдаус деңгейінде болады деп күтілуде.
2-нші сәуірде облыстың солтүстігінде түнде қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр. Ауа температурасы түнде 3 градус, күндіз 4-9 градус жылы болады.
3-і өңірдің солтүстігінде жауын-шашынды болады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр ге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 7-12 градус жылы болады.
4-інші сәуірде облыстың солтүстік-батысында жаңбыр жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 25 метрге жететін жел соғады деп болжанып отыр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, күндіз 10-15 градусқа дейін жылынады.
5 –інші сәуірде облыстың солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз термометр 8-13 градусқа дейін көтеріледі.
Келесі күні түнде облыстың солтүстігінде қар, жаңбыр жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан түнде облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр жел соғады.
7-нші сәуірде жауын-шашын күтілмейді.Тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 5-10 градус шамасын көрсетеді.
8 –інші сәуір күні облыстың солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 25 метр секундына жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде -0-5 градус жылы, күндіз — 5-10 градус нөлден жоғары.
9-ыншы жұлдызында облыстың солтүстігінде түнде қар және жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 8-13 градус болады.
Сәуірдің 10-ы жауын-шашын болуы мүмкін. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 8-13 градус болады.
Екінші онкүндікте сынап бағанасы түнде 3-8 градусқа дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Содан кейін ауа температурасы түнде минус 2-7 градусқа дейін, күндіз 3-8 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Онкүндіктің соңында күн жылиды.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы күндіз +18-23-тен 11-16 градусқа дейінгі көрсеткішті көрсетеді. Онкүндіктің соңында сынап бағанасы түнде минус 1 — плюс 4 градусқа дейін, күндіз 13-18 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Istock иллюстрациялық фотосы