СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жолдарды жөндеп, ауылдарды сумен жабдықтау жоспарлары жайлы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы 5 жыл ішінде облыс бойынша 3 мың шақырым жол жөнделгенін атап өтті.
— Біздегі жолдардың ұзындығы 9 мың шақырымды құрайды. Тағы төрт мыңы – ауылішілік жолдар. Осы күнге дейін 100 ауылдың көшелері асфальтталды. Елді мекендердегі жолдарды асфальттауға жыл сайын біртіндеп қаражат бөліп отыру керек, — деп есептейді Құмар Ақсақалов.
Оның айтуынша, биыл СҚО-ның 55 ауылында сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Соңғы бес жыл ішінде 138 ауылда ауыз су мәселесі шешілді. 6,5 мың отбасы үйге су тартты.
Фото: ашық дереккөздерден