Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Шал ақын ауданында болып, Жаңажол ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесу жайына өңір жетекшісі өзінің әлеуметтік желілеріндегі парақшасында жазды.
-5 жылда бюджеттен округтың дамуына 287 млн.тг бөлінді. Жаңажолға кіреберіс 7 шақырым жол жөнделді. Кеңесте мектепке күрделі жөндеуден өтті. Округ ауылдарының көшелеріне шамдар орнатылды. «Азко-Жаңажол» серіктестігі Жаңажолда спорттық-сауықтыру кешенін салды.
Қазір округ тұрғындарын ауыз су мәселесі алаңдатып отыр. Биыл Жаңажол, Кеңес, Жаңаталап, Бірлік ауылдарына су құбырын тарту жұмыстары басталады. Екі жылдық жоба, биыл 1 млрд.тг бөлінді. «Азко-Жаңажол» 10 отбасыға үйге су тартуға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, серіктестік Жаңажолда футбол алаңын, спорттық тренажерлер мен балалар алаңын орнатады, деп жазды Құмар Ақсақалов.
Бұдан соң облыс әкімі Мерген ауылына да барғанын хабарлады.
-Оның айтуынша жергілікті «Гермес агро» серіктестігінің директоры Сергей Окунев ауылды жаңғыртамын деген уәдесінде тұрып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға ат салысқанын атап өтті. . Ауылда «Жастар» спорт кешені салынды. Жұмысшыларына 7 жеке үй тұрғызды. Бүгін астық тазалау және кептіру, тұқымды дайындау кешені іске қосылды. Бұл агробизнестің тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі, деді құмар Ақсақалов.
Өңір жетекшісі басқа серіктестіктердің басшыларын әлеуметтік-экономикалық маңызы бар істерден қалыспай, ауылды дамытуға атс алысуға шақырды.