413
Синоптиктер 21-23 сәуірде Солтүстік Қазақстанда күн суытатынын болжап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Сәуірдің 22-сінен бастап теріскейде ауа райы бұзылады. Облыста жаңбыр жауып, аяғы қарға ұласады деп күтілуде. Сәйкесінше, сынап бағанасы да төмендейді,-дейді мамандар.
Алдағы үш күнде өңірде күндіз 8-11 градусқа дейін жылы болса, түнде термометр бағаны 4-6 градус суықтықты көрсетеді.