Петропавлдың құрылыс компаниялары қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосып жатыр. Кәсіпкерлер «Береке» шағын ауданында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Құрылыс сервис СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ЕР Агро» компаниясынан 35 жас көшетті өз қаражатына сатып алды. Алма, қарағай мен бойлауық терек Сенной көшесі бойындағы жаңа үйлердің маңына егілді.
– Петропавл – ортақ үйіміз. Әр азамат қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуы қажет деп есептеймін. Экологияны ластамай үшін ең алдымен ауамызды таза ұстауымыз қажет. Біз биыл игі шараны қолға алдық. Алдағы жылдары да жалғастыруды көздеп отырмыз, – дейді «Құрылыс сервис СК» ЖШС-ның инженері Арман Мұқышев.