Үкімет отырысында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтары талқыланды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Балалар жылын өткізу мәселелері қаралды. Президенттің Жарлығымен 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлихан Смайылов облыс әкімдіктеріне әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы балаларды сауықтыру шараларымен, жазғы демалыспен және бос уақыттарын пайдалы өткізумен барынша қамтуды тапсырды.

Денсаулық сақтау бойынша шалғайдағы елді-мекендерде балалардың денсаулық жағдайына скринингтік және стоматологиялық тексерулер жүргізу үшін жылжымалы медициналық пункттердің жұмыс істеуіне қатысты шаралар қабылдануы қажет. Ішкі туризмді дамыту аясында балалар үшін экскурсиялық-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру керек.

-Қорыта айтқанда, барлық өңір әкімдеріне Балалар жылына арналған іс-шаралардың орындалуын жеке бақылауға алуды тапсырамын, — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz