7-8 сынып оқушыларынан құралған жас футболшыларға «QYZYLJAR СҚ» футбол командасының 5 ойыншысы келіп, шеберлік сабағын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жасөспірімдер командалары арасындағы финалдық ойындарға Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен және алаң иелері-Петропавл құрамалары шықты. Петропавлға келген әрбір құрама наурыз айында іріктеуден өтіп, спартакиаданың аймақтық кезеңдерінде бірінші және екінші орындарға ие болған. Солтүстікқазақстандық қыздар командасы финалдық ойындарға жолдама алды. Кездесу барысында оқушылар жоғары дайындықтарын көрсете білді.
Балалардың шеберлігіне «QYZYLJAR СҚ» футбол командасының ойыншылары Мирослав Лобанцев, Дарко Зорич, Стефан Живкович, Тимур Мульдинов, Евгений Козлов та тәнті болды.
— Біз әдемі кездесулердің куәсі болдық. Сіздердің жоғары дайындықтарыңызды атап өткім келеді. Әсіресе, өз қақпаларын қорғап, доп өткізбеген қақпашылар мені қатты қуантты. Алдағы уақытта да спортпен шұғылданыңыздар, тоқтамаңыздар, — деп атап өтті «QYZYLJAR СҚ» ФК қақпашысы Мирослав Лобанцев.
Мырзабай БЕЙСЕН
Фото: ашық дереккөздерден.