Петропавлдық оқушылар «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінде экскурсия өткізді

Авторы: Qyzyljar News

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде ерекше экскурсия өті, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жалпы қалалық мектептердің 10-12 жас аралығындағы оқушылары экскурсия жүргізіп,  өз шеберліктерін көрсетті. Бұл іс — шара-«Гид-экскурсовод»шығармашылық үйірмесі тәрбиеленушілерінің   есебі.   «Гид-экскурсовод» үйірмесінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Назгүл Бейсембина   балаларға мұражай ісінің қыр-сырын үйретіп, қонақтармен жұмыс істеуге баулып жүр.

— Біздің үйірме сабақ сияқты өтеді. Тақырып таңдап, оны  бекітеміз. Белгілі бір жаттығулар бар, мысалы, шешендік өнер. Балалар экскурсия жетекшісінің сөйлеу мәдениетін меңгереді, экспонаттың не екенін біледі, — дейді  Назгүл Бейсембина.

Экскурсовод мамандығы балалардың қызығушылығын тудырып отыр, болашақта осы өрендердің   Резиденция қызметкерлерінің сапына қосылады деген үміт бар.

Мырзабай БЕЙСЕН

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz