Референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясына түзетулер күшіне енді

Авторы: Qyzyljar News

5 маусымда өткен референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар сәрсенбіде дауыс беру қорытындылары республикалық газеттерде жарияланғаннан кейін күшіне енді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сейсенбі күні Орталық референдум комиссиясының отырысында төраға Нұрлан Әбдіров Қазақстан азаматтарының көпшілігі қолдаған түзетулер референдум қорытындылары туралы ресми хабарлама жарияланған күннен бастап күшіне енетінін мәлімдеді. Өз кезегінде ОРК төрағасының орынбасары Константин Петров комиссияның хабарламасы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда»республикалық газеттерінде жарияланатынын айтты.
Референдум комиссиясының деректері бойынша референдумда өзгертулерді жақтап дауыс берген азаматтардың саны — 6 163 516 немесе дауыс беруге қатысқандардың 77,18% — ын құрады. «Жоқ» деп дауыс берген азаматтардың саны-1 490 470. Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны — 11 734 642, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 7 985 769 немесе 68,05%-ды құрады.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz