Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық санитар дәрігерлер 106 сауда нысанынан 1 496 тауар үлгісін сатып алды. 247 немесе әрбір алтыншы сынама техникалық регламенттер мен санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келмеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар тамақ өнімдері мен азық-түлік емес тауарлардан сынама алды. Сынақтан өтпегендердің 83%-ы таңбалауға, 4% – ы физика-химиялық көрсеткіштерге, 7% – ы микробиологиялық, санитарлық-химиялық және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келмейді. Сынамалардың 5% — ы «тұтынушыны алдау» санатына енгізілді.
— Талдау нәтижелері талапқа сай келмейтін тауарлардың басым көпшілігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің (54%), 37%-ы өзге елдерден, отандық өндірушілердің өнімдері – шамамен 9%-ды құрайды,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Фото: ашық дереккөздерден