Аққайың ауданында 9 тауарлы- сүт фермасы салынды. 2021 жылы «Гагарино» ЖШС 600 сиырға арналған тағы бір кешеннің құрылысын бастады. Жоба құны – 3,5 млрд теңге, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Нәтижесінде, 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл Аққайың ауданында «Гердт В.В.» ШҚ 1,2 млрд теңгеге 400 басқа шақталған тауарлы-сүт фермасын салып жатыр.
-Сондай-ақ, 2021 жылдан бері Аралағаш ауылында 5,4 млрд теңгеге «Северный бройлер» құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Іске қосылғаннан кейін жылына 5 мың тонна құс еті өндіріледі деп жоспарланып отыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың желтоқсанында құрылыс аяқталуы тиіс. Биылғы тамыз айында бірінші кезеңі іске қосылады,-деді Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев ӨКҚ өткен брифингінде.
Фото: ашық дереккөздерден