Өңірдегі жоспарлы әскери жиын өз мәресіне жетті. Оған 78 әскери қызметкер қатысты. Жиында жақсы нәтиже көрсеткендерге кезекті әскери шен берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әскери жиындар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес жоспарлы түрде өткізілді. Жабылу салтанатында өңір басшысының орынбасары Сәтжан Аблалиев сөз сөйлеп, сарбаздарды оқу жаттығу жиындарының сәтті аяқталуымен құттықтады.
— Аталған оқу-жаттығу жиындары жоғары деңгейде өтіп, толық тәжірибелерініздің артуына үлес қосты деп ойлаймын. Ұйымдастырушылар жоғары деңгейде қызмет етіп өздерінің тәртіптілігін, тәжірибелерін көрсете білді. Алдын ала деректер бойынша біздің қорғаныс министрлігінің де жоғары бағаларын алуда, — деді Сәтжан Аблалиев.
Сөз алғандар қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан Әскери академиясының бастығы Бауыржан Абжанов та болды. Оқу жаттығу жиындарына атсалысқан 12 қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаты табасталды. Әскери бөлім командирінің бұйрығына сәйкес 31 әскери қызметкерге аға сержант, сержант , кіші сержант және эфрейтер атақтары берілді.
Фото: ашық дереккөздерден