СҚО полицейлері туыстық қарым-қатынасты бұзып, берешек болған 100-ге жуық тұрғынды іздестіруде. Оның басым көпшілігі – алимент төлемей жүргендер, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Екі күндік іздестіру шарасының нәтижесінде 16 адам табылды, оның ішінде 5 борышкер, алимент төлемеген 10 және туыстық байланысын жоғалтқан 1 адам анықталды. Петропавлдың 47 жастағы тұрғыны 2020 жылдан бастап баласын күтіп-баққан мекемеге тиісті қаражатын аудармай келген. Өзі Нұр-Сұлтанға кетіп қалған әйелдің берешегі шамамен 2,5 миллион теңгеге жақын.
Қазіргі уақытта қарызды өндіріп алу үшін полицейлер материалдарды жеке сот орындаушыларына беруге дайындауда.
-Акция барысында қызметкерлер іздеуде жүрген адамдардың туыстары мен таныстарының мекен-жайларын тексереді. Басқа да іздеу әдістері де қолданылады. Бұрын олар әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтан, төлем жасаудан жалтарған адамдардың мекен-жайларын анықтау аса қиын емес,- дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығы Талғат Әбілов.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен