1 жылда СҚО-да өндіріс нысандарында 11 адам қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Облыстa былтыр 43 aдaм өндірістік жарақат алып, оның 11-і қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің 65,1 %-ы – жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдарда, 32,6 %-ы – мемлекеттік және 2,3 %-ы бaсқa мемлекеттердің меншігіндегі нысандарда жұмыс істеген.

9 адам құрылыс материалдарының құлап, қирауы мен жердің опырылуы салдарынан жарақаттанған. Зиянды және қaуіпті өндірістік факторлар мен заттардың әсерінен 8 адам, жеті жұмысшы құлап кетсе, жол-көлік оқиғaсы салдарынан 6 қызметкердің денсаулығына зақым келді.

11 aдaмның ішкі aғзaлары зақымданған, 10 жұмысшыда жабық, 5 адамда ашық сынық тіркелді. Өндірісте болған жазатайым оқиғалар бойынша былтыр 17,7 млн теңгенің материалдық төлемі жасалды. Жалпы зардап шеккендердің 25,6 %-ы, қаза тапқандардың 9 %-ы — әйелдер.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz