Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен елге қант импортына арналған квотаны 250-ден 350 мың тоннаға дейін ұлғайту белгіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, осы бұйрықпен қант квотасы 2022 жылдың 31 қазанын қоса алғанда ұзартылды. Оған қоса қант импортына квоталарды бөлу тәртібі өзгертілді.
Құжатқа сай, квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданады:
-бөлінген квотадан 85% мөлшерінде – өтiнiш берушiлер — қант зауыттары арасында өнеркәсiптiк өңдеуге арналған шикі құрақ қантты және тек қана iшкi нарықта сатуға арналған ақ қантты импорттау үшiн;
-бөлінген квотадан 15% мөлшерінде – өтініш берушілер арасында құрамында қант бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қанттың («қосымша» санаты) импорты үшін.
Бір өтініш беруші қант зауытына 30 000 тоннадан аспайтын лимит белгіленді.
Фото: ашық дереккөздерден