СҚО-да Табын көлінде балық қырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Балықтың қырылуына не себеп болғанын анықтау үшін Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен ветеринарлық қызмет мамандары жұмыс істеуде.
Экология департаментінің хабарлауынша, мамандар көл жағалауын зерттеу барысында ондаған балық өлексесін тапқан. Судан және өлі балықтардан сынамалар алынды. Ведомство өкілдері зерттеу аяқталғаннан кейін, балықтардың қырылу себебін жариялауға уәде етті.
Еске салсақ, биыл көктемде бірнеше көлде балық қырылған болатын. Су айдындарында жалпы 800 кг өлген балық жиналған.