Мемлекет басшылары өңірде әлі де сақталып отырған тұрақсыздық факторларын барынша жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан шекараларды заңды түрде рәсімдеу процесі өте күрделі екенін өз тәжірибесінен біледі.
-Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі өзінің ұзақ шекарасын толық делимитациялауды жүзеге асырған жалғыз мемлекет ретінде өзара қолайлы шешімдерді іздеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Атап айтқанда, шекараны делимитациялаудың өзара қолайлы тәсілдерін әзірлеу үшін сараптамалық платформа құруды ұсынып отырмыз, — деді мемлекет басшысы.
Бұл жұмысқа тәжірибелі заңгерлер, картографтар, шекарашылар және басқа да мамандар тартылуы керек. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі үйлестіруді өз қолына ала алады, деді ел Президенті.