Бір апта ішінде Петропавлдағы ахуалдық орталыққа 600-ден астам хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ikomek-109 желісіне келіп түскен азаматтардың барлығының бірдей өтініштері уақытында қарала бермейді.
Ахуалдық орталықтың жетекшісі Ернар Байсейітовтің айтуынша, Бөкетов көшесінің тұрғындары 10 ай бойы электр сымдарына тиердей өсіп қалған ағаштарды кестіре алмай жүр.
— Өтініш 17 маусымда келіп түсті, жауапты орындаушыға — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторына жолданды. Интернациональная көшесінде бұтақ сынып, тротуардың үстінде салбырап тұр. Қатты жел соқса, құлап кетуі ғажап емес. Бұл жайында өтініш 16 шілдеде келіп түсті, — деді Ернар Байсейітов.
Бұған дейін баспасөз қызметі қалалық әкімдікте азаматтардың өтініштеріне жауап беру сапасының рейтингі енгізілгенін атап өткен еді.